«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында 10-сыныптар арасында «Бұл палата барлық мектептерде балаларға қаржылық сауаттылықты үйретуді міндеттейді» тақырыбында пікірталас дебаты өтті.
Мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақшаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және өз ойын дәлелді түрде жеткізе білу дағдыларын дамыту.
Пікірсайыс барысында қатысушылар қаржылық білімнің маңыздылығын жан-жақты талқылап, нақты аргументтер ұсынды. Дебат оқушылардың сыни ойлау қабілетін шыңдап, өмірлік маңызды тақырыптарға саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.

KZ
