Skip to content

Қаңтар айы – Заң және Тәртіп айы

«Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұсауының алдын алу» тақырыбында 7–8 сынып оқушылары арасында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушыларға өмірдің құндылығын түсіндіру, қиын жағдайлардан шығу жолдарын үйрету және психологиялық қолдау көрсету.
Іс-шара барысында оқушыларға арналған психологиялық тренингтер өткізілді. Тренингтерде жасөспірімдердің эмоцияларын тану, өз сезімдерін ашық білдіру және күйзелісті жеңу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, слайд-презентация арқылы қауіп белгілері және көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Жауапты маман: Досқалиева Ақтолқын.