Ақпанның 5-і күні «Өмірге “Ия” деп айт» онкүндігінің аясында 1–4 сынып оқушылары арасында «Мен өмірді осылай көремін!» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру, олардың ішкі жан дүниесін сурет арқылы еркін жеткізуіне мүмкіндік беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және қиялын ұштау. Байқау барысында балалар өз ойларын, сезімдерін, өмірге деген сүйіспеншілігін түрлі түстер мен бейнелер арқылы көрсете білді.
Сурет байқауы оқушылардың эмоционалдық көңіл күйін жақсартуға, өзін-өзі тануына, өмірді бағалауға және позитивті ойлауға бағытталды. Шараға белсене қатысқан оқушылардың жұмыстары ерекше қызығушылық тудырып, мазмұндылығымен және креативтілігімен көзге түсті.

KZ
