Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні 10-сынып білім алушылары ауған соғысының ардагерлерімен кездесті. “Ауғанның отты жалыны” тақырыбында өткен сабақта оқушыларға ауған соғысы жайлы мәлімет берілді. Бұл сабаққа Ақтау қаласының “Бауырлас жауынгерлер” қоғамдық бірлестігінен Шаулиев Матжан Рамазанович пен Утетлиев Тохтар Бекмырзаевич ардагер ағаларымыз қатысты.
Мақсаты:
- өз Отанын шексіз сүюге тәрбиелеу, қайсар, рухы мықты ағаларымызды келер ұрпаққа үлгі ету
- ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Жауапты: Конысов Н.А

KZ
