Skip to content

«Закладчик. Мать» деректі фильмі

Ақтау қаласы прокуратурасының хатына сәйкес мектебімізде оқушыларға «Закладчик. Мать» деректі фильмі көрсетілді. Аталған туынды бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселе – есірткінің зияны мен оның ауыр зардаптарын шынайы оқиғалар арқылы баяндайды.
🎯 Көрсетілімнің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және есірткінің қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту.
Фильмнен кейін оқушылармен ашық форматта түсіндірме әңгіме өткізіліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Бала қауіпсіздігі мен жарқын болашағы – біздің басты құндылығымыз!