Мектебімізде «Әкелер мектебі» мүшелерімен «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында әкелермен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға әкелер мен оқушылар бірге қатысып, отбасындағы әкенің орны, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі мен үлгі-өнегесі туралы ой бөлісті.
Кездесу барысында әкелер бала тәрбиесінде қолдау көрсету, дұрыс бағыт-бағдар беру, балаға уақыт бөлу және сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы туралы пікірлерін айтты. Сонымен қатар, әкелер мен балаларға арналған түрлі танымдық тапсырмалар мен шағын тренингтер ұйымдастырылып, оларды бірлесіп орындау арқылы өзара түсіністік пен жақындықты арттыруға мүмкіндік жасалды.
Іс-шара барысында қатысушылар отбасы құндылықтары, жауапкершілік, сыйластық пен ынтымақтастық туралы маңызды ойларымен бөлісті. Мұндай кездесулер әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, отбасындағы тәрбиенің маңызын арттыруға бағытталған.

KZ
