Skip to content

АЛДЫН-АЛУ ІС-ШАРАСЫ

Мектебімізде жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, дұрыс діни түсінік қалыптастыру және түрлі жат ағымдардың алдын алу мақсатында «Жастар және дін – саналы сенім жолы» тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді.
Кездесуге Маңғыстау облысы Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Сәрсенбиев Серікхан Абуханұлы және Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының маманы Аталықова Жұлдыз Якубқызы қатысып, оқушыларға діннің қоғамдағы орны, дәстүрлі дін құндылықтары және қазіргі таңда кездесетін діни ағымдардың ерекшеліктері туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар жастарға дінді дұрыс түсінудің маңызы, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді құрметтеу, сондай-ақ түрлі радикалды және жат ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері туралы айтып өтті. Сонымен қатар, интернет желісіндегі күмәнді діни ақпараттарға сенбеу, діни мәселелер бойынша тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне жүгіну қажеттігі түсіндірілді.
Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты әрі тұшымды жауаптар алды.