Skip to content

Ұлттық ойын – ұлт қазынасы

20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» тақырыбында ұлттық спорт түрлерінен отбасылық сайыс ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрімізді жаңғырту және жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу.
Сайысқа әке-аға және бала құрамындағы отбасылық командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар қазақтың ұлттық ойындары – садақ ату, арқан тарту, ләңгі тебу, қол күрес және басқа да спорт түрлері бойынша жарысып, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті.
Шара барысында ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні кеңінен насихатталып, қатысушылар арасында достық қарым-қатынас нығая түсті. Әсіресе, әке мен бала арасындағы байланыс пен бірліктің көрінісі ерекше әсер қалдырды.
Сайыс соңында барлық қатысушылар марапатталып, белсенділік танытқан отбасыларға алғыс хаттар табысталды. Осындай игі іс-шаралар ұлттық мұрамызды дәріптеуге және жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіруге үлкен үлес қосады.