Skip to content

«Буллингтің алдын алуда мектептің рөлі маңызды ма, әлде отбасының ба?» тақырыбында дебат

“А. Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп” КММ-де
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында 8-сыныптар арасында
«Буллингтің алдын алуда мектептің рөлі маңызды ма, әлде отбасының ба?»
тақырыбында дебат турнирі өтті.
Аталған дебатқа 8 «А», 8 «Б», 8 «Г», 8 «Ғ», 8 «Д» сыныптарының оқушылары қатысып, өз ойларын дәлелдермен жеткізіп, жоғары деңгейде пікір алмасты.
Турнир қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – 8 «Д» сыныбы
🥈 ІІ орын – 8 «Б» сыныбы
🥉 ІІІ орын – 8 «Г» сыныбы
Сонымен қатар, «Үздік спикер» номинациясымен Ораз Кәусар мен Даңғар Зере марапатталды.
Дебат барысында оқушылар буллинг мәселесін жан-жақты талқылап, оның алдын алуда мектеп пен отбасының рөліне тоқталып, өзекті ойларын ортаға салды.