Мектебіміздің дебатшылары арасында «Жақсы көшбасшы – жақсы басқарушы» тақырыбында дебат өткізілді.
Бұл сайыс тек пікірталас алаңы ғана емес, оқушыларға кәсіптік бағдар беру, болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға бағытталған маңызды шара болды. Қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, көшбасшылық, сыни ойлау және шешендік қабілеттерін көрсете білді.
🏆 Жеңімпаздар:
🥇 І орын: Мұрат Рая, Қожақмет Ақбота
🥈 ІІ орын: Болат Айрау, Әділхан Нұргүл
🥉 ІІІ орын: Ораз Каусар, Рахим Ғайни, Аманджан Асия, Басберген Айдана
👏 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Осындай шаралар оқушылардың өз жолын табуына, болашаққа нық қадам жасауына үлкен ықпал етеді

KZ
