Қалжың ба, әлде мазақтау ма?
«ДосболLike» бағдарламасы аясында 5-8 сынып оқушыларымен «Мазақтау мен қалжыңның айырмашылығы» тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Мақсаты:
🔹 Балалар арасындағы өзара сыйластықты арттыру;
🔹 Қалжың мен буллингтің аражігін ажыратуды үйрету;
🔹 Мектепте достық пен жайлы орта қалыптастыру.
Кездесу барысында оқушылар қандай сөздер көңілге тиетінін, ал қандай қалжың достықты нығайтатынын талқылап, нақты жағдайлар бойынша пікір алмасты.
🤝 Біз достықты таңдаймыз!

KZ
