Skip to content

«Ашық есік күні» өтті

«Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында «Ашық есік күні» өтті
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Заң және тәртіп» құндылығын ілгерілету мақсатында білім беру ұйымында ата-аналарға арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты: Білім ордасының тыныс-тіршілігімен таныстыру, оқу-тәрбие процесіне қатысты өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ата-аналармен ашық диалог орнату.
Жиынға мектеп әкімшілігі, мектеп инспекторы және ата-аналар қауымдастығы қатысты. Бағдарлама аясында:

  • Ата-аналар мектептің оқу процесімен, кітапхана қорымен және мектеп асханасының жұмысымен танысты;
  • Педагогтардың кәсіби шеберлігін айқындайтын «Педагогикалық тәжірибелер» көрмесі ұсынылды;
  • Мектеп инспекторы заң мен тәртіптің сақталуы, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.
    Кездесу соңында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап алып, мектеп әкімшілігімен кері байланыс орнатты.