Skip to content

“БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ” жобасы

“БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ” жобасы
Мектебімізде 6-8 сынып білім алушыларына “Қазіргі балалар және рухани құндылықтар” тақырыбында Ақтау қаласы, “ KVANT” жекеменшік мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Егизгараева Мереке Кулжанқызымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыру, өмірлік ұстанымдарын айқындау, өз бойындағы ізгі қасиеттерді бағалай білуге баулу.
Кездесу барысында қонақ оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, ұлттық дәстүр, отбасылық тәрбие, адамгершілік пен жауапкершілік туралы өз ойымен бөлісті. Оқушылар пікірталасқа белсенді қатысып, өз көзқарастарын білдірді.
Шара соңында Мереке Кулжанқызы жасөспірімдерді уақытты пайдалы өткізуге, кітап оқуға және рухани байлықты басты құндылық ретінде бағалауға шақырды.
Бұл кездесудің оқушыларымыздың ішкі мәдениетін, рухани өсуін дамытуда маңызы зор болды.

#ұлттықкітапкүні

#ҚРОқуАғартуМинистрлігі

#БалаларКітапханасы

#РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана

#АдалАзаматАқтауҚаласыБойыншаОқуӘдістемелікОрталығы