“САЛАМАТТЫ МЕКТЕП” ЖОБАСЫ
“Parasat Aktau” қоғамдық бірлестігінің бастамасымен білім беру ұйымдарында отбасы құндылықтарын нығайту және ұрпақ сауаттылығын арттыру мақсатында 3–8 сынып қыз балаларының аналарына арналған маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу тақырыбы: “Қыз бала денсаулығы: гигиена, цикл, қауіпсіздік – ана білуі тиіс маңызды тақырыптар”. Іс-шараға балалар және ересектер гинеколог-эндокринолог дәрігері, ISGE мүшесі Алипанова Айжан Жұмахановна арнайы шақырылды.
Кездесу барысында дәрігер қыз балалардың денсаулығына қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, жас ерекшелігіне сай гигиена ережелері, етеккір циклінің қалыптасуы, қауіпсіздік шаралары және ананың бұл кезеңдегі рөлі туралы жан-жақты түсіндірме берді. Сонымен қатар, аналар тарапынан қойылған сұрақтарға кәсіби кеңестер ұсынылды.
Шараның басты мақсаты – аналардың қыз бала тәрбиесіндегі медициналық сауаттылығын арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және отбасындағы ашық әрі сенімді қарым-қатынасты нығайту.
Кездесу жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға пайдалы әрі маңызды ақпараттар берілді.

KZ
