Skip to content

“Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам” жобасы

“Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам” жобасы.
Бүгінгі күні өскелең ұрпаққа дұрыс тәрбие беру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы мақсатта мектебімізде «Қоғамдық мүлікті қорға!» тақырыбында сынып сағаттары мен түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, мектеп мүлкіне ұқыпты қарау, вандализмнің қоғамға тигізер зияны туралы кеңінен түсіндірілді. Балалар өз ойларын ортаға салып, түрлі мысалдар арқылы мәселенің маңыздылығын талқылады.
Басты мақсат – әр оқушының бойында жауапкершілік сезімін қалыптастырып, ортақ мүлікке жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. Себебі қоғамдық мүлік – барлығымызға ортақ құндылық. Оны сақтау – әр азаматтың міндеті.
Осындай тәрбиелік шаралар арқылы біз саналы, мәдениетті және жауапты ұрпақ тәрбиелеуге бірге қадам жасаймыз. 🤝

#ҚоғамдықМүлік #ВандализмгеЖолЖоқ #ТәрбиеСағаты #МектепӨмірі #Жауапкершілік СаналыҰрпақп