Skip to content

“Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам” 💻🔐

Мектебімізде “Қауіпсіз қоғам” алдын алу шарасы аясында маңызды кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың, есірткі құралдарын тарату сияқты құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Кездесуге ішкі істер органдарының өкілдері – инспекторлар Асылбеков Райымбек пен Есетов Ғалымжан қатысып, оқушыларға Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіндегі негізгі нормалар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында оқушыларға құқықтық жауапкершілік, қауіпсіз мінез-құлық, цифрлық ортадағы қауіпсіздік ережелері жайында жан-жақты ақпарат беріліп, арнайы бейнероликтер көрсетілді.

#ҚауіпсізҚоғам #ЦифрлықҚауіпсіздік #АлдынАлу #МектепӨмірі #ҚұқықтықСауаттылық ЖасҰрпақ