Skip to content

«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсімі

Бүгін мектебімізде 4 және 5-сынып оқушыларын «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсімі өтті.
Аталған шараның басты мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, олардың бойында жауапкершілік, достық және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады.
Қабылдау рәсімі салтанатты түрде ұйымдастырылып, оқушылар ұйым мүшесі ретінде ант қабылдады. Шара барысында мектеп әкімшілігі мен ұстаздар оқушыларға ізгі тілектерін білдіріп, олардың болашақта ел дамуына үлес қосатын саналы азамат болып қалыптасуына сенім білдірді.
Жауапты: тәлімгер Қыдыршаева Г.А.