Skip to content

АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ

2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейту туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Ақтау қалалық білім бөлімінің 23.04.2026 жылғы №01-16/330 хатына сәйкес білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторы Р. Асылбековтың қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, сабаққа тұрақты қатысудың маңыздылығы, мерекелік іс-шараларды қауіпсіз ұйымдастыру, сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі жөнінде кең көлемде түсіндірме берілді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрудің жауапкершілігі, жол қозғалысы қауіпсіздігі, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері және әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану туралы ақпараттар айтылды.
Оқушыларға жазғы демалыс кезінде өз қауіпсіздіктеріне мұқият болу, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру жөнінде ескертулер жасалды.