Skip to content

«МЕКТЕП-АТА-АНА-БАЛА : БІРЛЕСКЕН ТӘРБИЕ АЛАҢЫ»

Отбасы құндылықтарын насихаттау, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектебімізде «Шыныққан отбасы – дені сау бала» тақырыбында әкелер мен балалар арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Сайыс барысында қатысушылар түрлі эстафеталық ойындар мен спорттық тапсырмалар бойынша өзара бақ сынасып, жылдамдықтарын, ептіліктерін және ұйымшылдықтарын көрсетті. Әкелер мен балалар арасындағы сыйластық пен қолдау ерекше байқалып, шара көтеріңкі көңіл-күйде өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, спорттың адам денсаулығына пайдасы мен отбасы бірлігін нығайтудағы маңызы насихатталды. Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.