14.05.2026 ж Ақтау қаласы Төтенше жағдай басқармасының жоспары бойынша “А.Байтұрсынұлы атындағы N28 ЖББМ” КММ басшылық құрамымен, оқытушыларымен, оқушыларымен және кіші қызметкерлерімен Азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығу өткізілді.
Мектеп ұжымы жарақаттанудың алдын алу жөнінде шаралар қабылдап, қауіпсіздік ережесі бойынша нұсқаулықтарды қатаң орындады.
“Дабыл” бойынша мектеп мұғалімдері мен білім алушылар тамаша ұйымшылдық пен тәртіп көрсетті.
АӘТД оқытушы ұйымдастырушысы Н.А.Конысов

KZ
