«МЕКТЕП-АТА-АНА-БАЛА: БІРЛЕСКЕН ТӘРБИЕ АЛАҢЫ» онкүндігі аясында 9-сынып білім алушыларының ата-аналарына арналған «Кәсіптік бағдар: ата-анамен бірге таңдау» тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналыстың мақсаты – ата-аналарға оқушылардың болашақ мамандығын таңдауда бағыт-бағдар беру, кәсіптік білім беру ұйымдарымен таныстыру және оқу жылының аяқталуына байланысты маңызды мәселелерді талқылау.
Күн тәртібінде:
2025-2026 оқу жылының аяқталуына орай қауіпсіздік шаралары мен алдын алу жұмыстары туралы ақпарат берілді. Жауапты: А.Б.Туякова.
Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру тәртібі түсіндірілді. Жауапты: А.Б.Енсегенова.
«Кәсіптік бағдар: ата-анамен бірге таңдау» тақырыбында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Жауапты: профориентолог.
Жиналыс барысында арнайы келген оқу орындарының өкілдері ата-аналар мен оқушыларға өз оқу орындары туралы толық мәлімет беріп, мамандықтар, қабылдау шарттары және білім алу мүмкіндіктерімен таныстырды. Атап айтқанда:
– Каспий өңірі «Болашақ» колледжі;
– «Асмет Ұлас» жоғары педагогикалық колледжі;
– Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі;
– Маңғыстау туризм колледжі.
Кездесу барысында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, оқушылардың қызығушылығы мен қабілетіне сай мамандық таңдаудың маңыздылығы айтылды.

KZ
