«А.Байтұрсынұлы атындағы №28 ЖББМ» КММ-де 9-сынып білім алушылары арасында құқықбұзушылық пен зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологы Айзада Өтеулиеваның қатысуымен «Нашақорлықтың алдын-алу» тақырыбында профилактикалық дәріс ұйымдастырылды.
Кездесу барысында маман жасөспірімдерге нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашағына тигізетін зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, зиянды әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс орта таңдау мәселелері кеңінен айтылды.
Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан қажетті кеңестер алды. Шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу, олардың өмірге деген жауапкершілігін арттыру және денсаулыққа саналы көзқарас қалыптастыру.

KZ
