АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
1-4 сынып білім алушыларының ата-аналарына “Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру” тақырыбында сабақ жүргізілді.
Сабақ барысында балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру, пайдалы ас мәзірін қалыптастыру, дәрумендерге бай тағамдарды тұтынудың маңызы және зиянды тағамдардың денсаулыққа әсері туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, отбасындағы дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырудың бала денсаулығына оң әсері түсіндірілді. Ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, тақырып аясында ұсыныстар мен кеңестер алды.
KZ
