Skip to content

АИТВ-инфекциясы туралы негізгі түсінік, алдын алу шаралары

“Саламатты мектеп” жобасы аясында 9–10 сынып білім алушыларына «АИТВ-инфекциясы туралы негізгі түсінік, алдын алу шаралары» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Сабақты МО АИТВ-инфекциясының алдын-алу орталығы эпидемиолог дәрігерінің көмекшісі А.Б. Утаргулов жүргізді.
Кездесу барысында білім алушыларға АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, оның адам ағзасына әсері, сондай-ақ аурудың алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Маман жасөспірімдерге жеке гигиена сақтау, жауапкершілікпен шешім қабылдау, салауатты өмір салтын ұстану және қауіпті жағдайлардан сақтану туралы маңызды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сабақ барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, ақпараттық сауаттылығын қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында АИТВ-инфекциясы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру және оның алдын алу жолдарын насихаттау.