Мектебімізде 1-10 сынып білім алушыларына «Жаздағы қауіпсіздік ережелері», ал 9,11-сынып білім алушыларына «2025-2026 оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шаралары мен алдын-алу» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі жол қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, өрттің алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіп, интернет қауіпсіздігі және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында ақпараттар берілді. Сонымен қатар оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік талаптарын сақтау, кешкі уақытта ата-ана бақылауында болу, заңсыз әрекеттерге жол бермеу жөнінде түсіндірілді.
Түсіндіру жұмыстарына мектеп инспекторы Р. Асылбеков қатысып, білім алушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы айтып өтті.

KZ
