«ДосболLike» жобасы аясында 1-4 сынып ата-аналарына арналған «Балаға жасалатын буллинг туралы не білесіз? Балаңыз құрбан ба, әлде қатысушы ма?» атты танымдық семинар өтті.
📍 Мақсаты: Үйде және мектепте бала үшін қауіпсіз, салауатты әрі достық орта қалыптастыруда ата-ананың рөлін түсіндіру.
Семинарда қандай мәселелер қозғалды?
✅ Буллингтің алғашқы белгілерін қалай анықтауға болады?
✅ Балаңыз қысым көріп жүргенін қалай білесіз?
✅ Мұндай жағдайда ата-ананың дұрыс іс-әрекеті қандай болуы керек?
Мамандар ата-аналарға баламен сенімді қарым-қатынас орнатудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, практикалық кеңестер берді.
🤝 Бала қауіпсіздігі — баршамызға ортақ іс!
👤 Жауапты маман: ТЖО М. Жанжигитова
🧠 Педагог-психологтар: М. Әліпова, М. Жомуд
#ДосболLike #буллингкежолжоқ #атааналар #семинар #психология қауіпсізорта мектепөмірі

KZ
