Skip to content

Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы

«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» Ұлттық кітап күні қарсаңында онкүндік
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
бағдарламасының «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында
балалар әдебиеті онкүндігінің ашылуы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларды көркем әдебиетке баулу, балалар
әдебиетінің тәрбиелік мәнін арттыру, оқырмандық мәдениетті
қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Міндеттері:
Балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуға деген тұрақты
қызығушылық қалыптастыру;
Балалар әдебиетінің үздік шығармаларын кеңінен насихаттау;
Әлем балалар әдебиетімен таныстыру;
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, шығармашылық ойлауын
дамыту;
Мектеп, кітапхана және ата-ана арасындағы ынтымақтастықты
нығайту; Оқушыларды мәнерлеп оқуға, көркем сөзге құрметпен қарауға
тәрбиелеу.
Қатысушылар: 1–11 сынып оқушылары, пән мұғалімдері,
сынып жетекшілері, мектеп кітапханашысы, ата-аналар.
Онкүндікті өткізу мерзімі: 2026 жылғы 12 сәуір 21 сәуір
аралығы.

#адалазаматбіртұтас_тәрбие