Skip to content

ХАБАРЛАНДЫРУ

📢 Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттар қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
🗓 Мерзімі: 2026 жылғы 29 маусым мен 31 тамыз аралығында.
Қабылдау тәртібі:
Мектебімізде мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және оқуын осы білім беру ұйымында жалғастыруға ниет білдірген балалар 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Жалпы негізде: Баланы басқа мектептен ауыстыруды немесе жаңадан орналастыруды жоспарлаған ата-аналар құжаттарды жалпы тәртіппен тапсырады.
Қажетті құжаттар тізімі:
Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
052-2/у нысанындағы денсаулық паспорты;
065/у нысанындағы медициналық анықтама;
3×4 көлеміндегі 2 дана фотосурет;
Қажет болған жағдайда ПМПК қорытындысы.
Шетел азаматтары қосымша мәртебесін растайтын құжат (ықтиярхат, босқын куәлігі т.б.) ұсынады.
Өтінішті:
• үй жағдайында онлайн түрде;
• мектептердегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы тапсыруға болады.
⚠️ Құжаттар келесі жағдайларда қабылданбайды:
• құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда;
• құжаттардың мерзімі өткен жағдайда;
• мәліметтердің шынайылығы расталмаған жағдайда;
• белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
• сыныптағы орын саны толық болған жағдайда.
Қосымша ақпаратты білім беру ұйымдарының ресми сайттарынан және www.egov.kz порталынан алуға болады.
🕘 Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – жұма, сағат 09:00 – 18:00 (үзіліс: 13:00 – 14:00).
Мереке және демалыс күндері қабылдау жүргізілмейді.