“ҚАЗІРГІ БАЛАЛАР ЖӘНЕ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР”
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында “Кітапқа құштар ұрпақ” тақырыбында ақын, зерттеуші Бақтыбай Сәрсенбайұлы Жайлаумен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қонақ өзінің шығармашылық жолы, ғылыми-зерттеу еңбектері, сондай-ақ кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мазмұнды ойларымен бөлісті. Мектеп кітапханасына “Әбіш Кекілбайұлы кім?” атты кітабын тарту етті. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Сонымен қатар, ақын шығармаларынан оқушылар үзінділер оқып, кітап оқуға қызығушылықтары артты.
Шара соңында оқушылар қонаққа алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың рухани дамуына оң әсерін тигізіп, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыратыны сөзсіз.
#БалаларКітапханасы
#ҰлттықКітапКүні2026
#АдалАзамат
#АқтауҚалалықБілімБөлімі
#Онкүндік
KZ
