7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектепте 6-сынып білім алушылары арасында «Көңілді сөре» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру және ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды.
Сайыс барысында оқушылар әртүрлі қызықты эстафеталық ойындар мен спорттық тапсырмаларға қатысып, өздерінің жылдамдықтарын, ептіліктерін және төзімділіктерін көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күйде өнер көрсетті.
Жарыс нәтижесінде үздік өнер көрсеткен топтар анықталып, марапатталды. Жалпы іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға ерекше әсер сыйлады.
Мұндай спорттық шаралар жас ұрпақтың дені сау, белсенді болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.
KZ
