1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай білім алушылар арасында «Көңілді старт – бақытты бала» тақырыбында спорттық шара ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын арттыру, спортқа баулу және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сайыс барысында білім алушылар түрлі эстафеталық ойындарға қатысып, белсенділік пен ептіліктерін көрсетті. Қызықты әрі тартысты өткен шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, достық қарым-қатынасты нығайтты.
Шара соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.
KZ
