Skip to content

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР!

Маңғыстау облысы білім басқармасы және Ақтау қалалық білім бөлімінің
«А.Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп» КММ әкімшілігі
2025–2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау және қорытынды аттестаттау кезеңіне байланысты төмендегі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
🚫 Педагогикалық әдеп пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында: Мұғалімдерге сыйлық беруге, ақша жинауға
қатаң тыйым салынады

  • Аниматорлар, студиялар, агенттіктер шақыруға, мектепке қажетті заттарға ақша жинауға
    рұқсат етілмейді
    • Қауіпсіздік мақсатында автокөлік шеруін ұйымдастыруға, мейрамхана, дәмхана және ойын-сауық орындарында мерекелік іс-шаралар өткізуге тыйым салынады
    • Түлектердің ата-анасыз немесе жауапты тұлғасыз
    табиғат аясына (теңіз, қала сырты, демалыс орындары) шығуына қатаң тыйым салынады
    • Оқушылар мектеп формасын сақтау, тәртіп пен жауапкершілікті ұстану — міндет!
    Бұл шектеулер — әділдік, қауіпсіздік және педагогикалық әдепті сақтау мақсатында енгізілген.
    Түсіністік танытып, талаптарды сақтауларыңызды сұраймыз!