12-15 қаңтар аралығында “Қысқа мерзімді жоспар – сапалы сабақтың негізі” тақырыбында мектеп педагогтеріне арналған қысқа мерзімді жоспарды құру жолдары бойынша отырыс ұйымдастырылды.
Отырыс барысында сабақ құрылымын тиімді жоспарлау, оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар әзірлеу және сабақты дұрыс ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Мұғалімдерге әдістемелік кеңестер беріліп, тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
Аталған жұмыстар әр пән бірлестігі бойынша жеке-жеке өткізіліп, педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсетілді. Өткізген: оқу ісі жөніндегі орынбасар А.Еңсегенова, мектеп әдіскері Н.Исагалиева.

KZ
