Skip to content

МЕКТЕП-АТА-АНА-БАЛА : БІРЛЕСКЕН ТӘРБИЕ АЛАҢЫ

«МЕКТЕП-АТА-АНА-БАЛА : БІРЛЕСКЕН ТӘРБИЕ АЛАҢЫ»
Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейту, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, сондай-ақ жаһандану дәуірінде озық білім мен жаңа технологияларды меңгерген саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатындағы он күндік аясында «Бала болашағы – ортақ жауапкершілік» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.
Ашық есік күні барысында ата-аналар мектеп өмірімен жан-жақты танысып, өз балаларының оқу үлгерімі мен тәртібі туралы толық ақпарат алды. Мұғалімдермен пікір алмасып, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерімен танысты.
Сонымен қатар, ата-аналарға арналған психологиялық тренинг ұйымдастырылып, онда бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер қозғалып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолдары қарастырылды. Тренинг барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, пайдалы кеңестер алды.

#Маңғыстауотбасы