Skip to content

Мемлекеттік қызметтегі мансап

2026 жылдың 12 мамыр күні 9 және 11-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру мақсатында «Мемлекеттік қызметтегі мансап» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы қатысып, мемлекеттік қызметтің маңызы, мансаптық мүмкіндіктер мен жастарға қойылатын талаптар туралы ақпарат берді.
Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.