Skip to content

«Менің құндылығым» тақырыбында психологиялық тренинг

Ақпанның 11-і күні Өмірге «Ия» деп айт онкүндігінің аясында педагогтарға арналған «Менің құндылығым» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің негізгі мақсаты – педагогтардың өмірлік және кәсіби құндылықтарын тануына ықпал ету, өзін-өзі бағалауын арттыру, эмоционалдық тұрақтылығын нығайту және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушылар түрлі психологиялық жаттығулар мен топтық жұмыстарға қатысып, өздерінің ішкі ресурстарын анықтады. «Құндылықтар», «Мен және менің рөлім», «Жылы пікір» сияқты жаттығулар арқылы мұғалімдер өз ойларымен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетті. Тренинг педагогтардың өз мамандығына деген оң көзқарасын қалыптастырып, кәсіби мотивациясын арттыруға бағытталды. Қатысушылар іс-шарадан жағымды әсер алып, белсенділік танытты.