Skip to content

«Менің өмірім – менің таңдауым» тақырыбында тәрбиелік-танымдық іс-шара

2026 жылғы 3 ақпан күні «Өмірге “Иә” деп айт» онкүндігі аясында 7–9 сынып оқушылары арасында «Менің өмірім – менің таңдауым» тақырыбында тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, өз әрекеттері мен таңдаулары үшін жауапкершілік сезімін арттыру, тұлғалық дамуына қолдау көрсету және психологиялық қауіпсіз орта құру.
Шара барысында оқушылармен ашық әңгімелесу жүргізіліп, тақырыпқа сай қызықты психологиялық ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқушыларға «Сенім жәшігінің» маңызы мен жұмыс істеу тәртібі түсіндіріліп, кез келген уақытта өз ойы мен мәселесін жасырын түрде жеткізу мүмкіндігі бар екендігі айтылды.
Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олардың қызығушылығын арттырды және жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды.
Жауапты: Мектеп психологтары