Наурыз мерекесіне орай «Кел төрле, мейірлі Наурыз!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге арналған мазмұнды бағдарлама өткізілді. Іс-шараға мектеп ұжымы, оқушылар және «Даналық мектебінің» мүшелері қатысып, Наурыз мейрамының мәні мен маңызын кеңінен насихаттады.Мерекелік шара барысында қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сахналық көріністер арқылы көрсетілді. Оқушылар ұлттық әндер айтып, би билеп, Наурыз мерекесіне арналған өлең-жырларын тарту етті.Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге, халқымыздың мәдени мұрасын насихаттауға үлкен үлес қосады. Мереке соңында қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, Наурыз мейрамының шуақты көңіл күйін бірге бөлісті. 🌿

KZ
