Skip to content

«Өмірге “Иә” деп айт» атты 10 күндік іс-шара

2026 жылдың 2 ақпан күні мектебімізде «Өмірге “Иә” деп айт» атты 10 күндік іс-шараның ашылуы өтті. Іс-шара барысында сыныптармен психологиялық тренингтер, қызықты ойындар және сұрақ-жауап жұмыстары ұйымдастырылды.
Негізгі мақсат – оқушылардың психологиялық саулығын нығайту, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру, эмоционалдық тұрақтылығын арттыру және сынып ішінде қолайлы психологиялық орта орнату.
«Өмірге “Иә” деп айт» 10 күндігі алдағы күндері де түрлі мазмұндағы психологиялық жұмыстармен жалғасын табады.
Жауапты мектеп психологтары:
Бүркіталина Ақсындар
Әліпова Мөлдір
Досқалиева Ақтолқын
Жомуд Мария