Ақпанның 6-і күні «Өмірге “Ия” деп айт» онкүндігінің аясында 8-10 сынып оқушылары арасында «Өмірге хат» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты:
• Оқушының өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және тереңдету;
• Өмірдің мәнін түсінуге, өз құндылықтарын ұғынуға жетелеу;
• Өз ойы мен сезімін еркін, көркем түрде жеткізе білуге үйрету;
• Алға қойған армандарын анықтап, болашаққа жауапкершілікпен қарауға баулу;
• Өзін-өзі тануға, рефлексия жасауға ықпал ету.
Оқушылар «Өмірге хат» – бұл тек сөз емес, адамның ішкі жан дүниесінің айнасы екенін ұғынып,Әрбір адам өмірге алғыс айтып, одан сабақ алып, өз жолын саналы түрде таңдай білуі тиіс екенін түсінді.

KZ
