2026 жылдың ақпан айының 13-і күні мектебімізде «Өмірге ИЯ деп айт» онкүндігінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Аталған онкүндік оқушылардың өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру, психологиялық саулығын нығайту, өзін-өзі бағалауын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Онкүндік аясында түрлі психологиялық тренингтер, сынып сағаттары, сурет байқаулары, қызықты ойындар мен танымдық шаралар өткізілді. Барлық іс-шаралар оқушылардың белсенділігін арттырып, ұйымшылдыққа, өзара құрмет пен қолдауға тәрбиелеуге бағытталды.
Жабылу салтанатында онкүндік барысында ұйымдастырылған байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталып, алғыс хаттар мен дипломдар табысталды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жауапты: Мектеп психологтары.

KZ
