2026 жылдың 12 ақпан күні мектебімізде «Өмірге “ИЯ” деп айт» онкүндігінің аясында педагогтарға арналған «Өзіңді сүй, өзгені құрметте!» тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – педагогтардың өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру, кәсіби және тұлғалық құндылықтарын айқындау, эмоционалдық тұрақтылықты нығайту және ұжым арасындағы өзара сыйластық пен қолдауды дамыту.
Іс-шара барысында қатысушылар өзін-өзі тануға бағытталған психологиялық жаттығулар орындап, топтық талқылаулар жүргізді. «Менің құндылығым», «Жылы сөз – жанға қуат», «Құрмет шеңбері» атты практикалық тапсырмалар арқылы мұғалімдер өздерінің ішкі ресурстарын анықтап, бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін қалыптастырды.
Семинар педагогтардың көңіл-күйін көтеріп, өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға, кәсіби жанудың алдын алуға ықпал етті. Қатысушылар іс-шарадан жағымды әсер алып, өзара қарым-қатынастың маңыздылығын терең түсінді.

KZ
