«Саламатты мектеп» жобасы аясында 6–7-сынып білім алушыларына «Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, зиянды әдеттердің алдын алу және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Дәріске облыстық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Кереева Гулайна Қайыржановна және мектеп медбикесі Г. Изимбердиева қатысты. Маман өз сөзінде денсаулықты сақтаудың негізгі жолдары, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, жұқпалы аурулардың алдын алу туралы кеңінен ақпарат берді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Шара барысында денсаулықтың адам өміріндегі маңызы ерекше екені айтылып, салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі насихатталды.

KZ
