Skip to content

Сен менің бақытымсың, Ана

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде аналардың мейірімі мен еңбегін дәріптеу мақсатында «Сен менің бақытымсың, Ана» атты челлендж ұйымдастырылды.
Челлендждің негізгі мақсаты – оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін, құрметі мен алғысын білдіру, отбасы құндылықтарын насихаттау. Іс-шара барысында оқушылар өз аналарына арналған жылы лебіздерін, жүрекжарды тілектерін айтты.
Челленджге мектеп оқушылары белсенді қатысып, аналарға деген шексіз алғыстары мен махаббаттарын шығармашылық түрде жеткізді. Әрбір бейнежазбада ананың бала өміріндегі орны ерекше екені көрініс тауып, «Ана – өмірдің шуағы, отбасының тірегі» екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақты ата-ананы құрметтеуге, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеуге бағытталған.