“Ұшқыр ой алаңы” аясындағы кезекті пікірталас
«Тарихи тұлғаларды ұлықтау – жастарға үлгі ме, әлде өткенге байланып қалу ма?»
тақырыбында дебат ұйымдастырылды.
Дебаттың мақсаты – тарихи тұлғалардың қоғамдағы рөлін түсіндіру, олардың өнегелі өмірі арқылы жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру, сыни ойлау мен еркін пікір білдіру дағдыларын дамыту. Пікірсайыс барысында оқушылар тарихи тұлғалардың маңызы мен бүгінгі жастарға берер тәрбиелік мәні туралы өз ойларын дәлелді түрде ортаға салды.
Дебат қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – 8 «Д» сыныбы: Бауыржанқызы Арайлым, Өтеген Ақерке
🥈 ІІ орын – 8 «А» сыныбы
🥈 ІІ орын – 8 «Б» сыныбы: Ахметова А., Даңғар Зере
🥉 ІІІ орын – 8 «Г» сыныбы: Қозыбай Айдар, Куьайдулла Аягөз
Осындай зияткерлік сайыстар оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелейді

KZ
