Мектебімізде 25 мамыр күні 11-сынып білім алушыларына арналған “Заң және тәртіп- халықтық Конституция құндылықтары” атты салтанатты шара өтті. Іс-шараға түлектердің ата-аналары, мектеп ұжымы қатысты.
Шара барысында Білім басқармасының тәрбие жұмысы, инклюзивті, арнайы білім беру және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Мамутова Орынгул Рзабекқызы қатысып, түлектерге ақ жол тілеп, ізгі лебізін білдірді. Сонымен қатар, білім алушыларға заң мен тәртіпті құрметтеу, Конституциялық құндылықтарды дәріптеу және ел болашағына жауапкершілікпен қарау жөнінде тағылымды ойлар айтылды. Сонымен қатар түлектерге арналған құттықтаулар мен тәрбиелік мазмұндағы сөздер айтылды.
Сәт-сапар, жас түлек-2026!
KZ
