Skip to content

“Жас ұлан” әскери-спорттық жастар ойынының облыстық байқауында аудандық, қалалық кезең

Маңғыстау облысының білім басқармасының “оқу-әдістемелік орталығының” жоспарына сәйкес 22.05.2026 ж Ақтау қаласының “N35 жалпы білім беретін мектебінің” базасында өткен Республикалық “Жас ұлан” әскери-спорттық жастар ойынының облыстық байқауында аудандық, қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысып, өз мәресіне жетті.
Мақсаты; Жас ұрпақ арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру.
Қазылар алқасының шешімімен, байқау қорытындысы бойынша, командалық есепте ” Ахмет Байтұрсынұлы атындағы N28 ЖББМ ” КММ 1-орын иеленіп Республикалық кезеңге жолдама алды.
Мектебіміздің “Жас теңізші” тобын шын жүректен құттықтай отырып, Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз.
АӘТД пәнінің оқытушы ұйымдастырушысы Н.А.Конысов