2026 жылдың 17-18 қаңтар күндері аралығында Маңғыстау Аренада, БЖСМ-ға қарасты «Оймашы-3» спорт залында 2011-2012 жылы туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты алдындағы қалалық іріктеу чемпионаты өтті.
Қалалық іріктеу жарысына барлығы 14команда қатысты. Екі күнге созылған тартысты бәсеке нәтижесінде жеңімпаз командалар анықталды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын-«ИП Алтынай-1» командасы;
II орын- №28 ЖББМ командасы;
III орын-«ИП Алтынай-2» командасы иеленді.
Жаттықтырушы: Мухиденов Еммат

KZ
