Skip to content

“Жүректен- жүрекке” қайырымдылық акциясы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “ Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бітіруші түлектері 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясына белсене қатысты.
Акцияның басты мақсаты- қамқорлық пен мейірімділікті насихаттау, көмекке мұқтаж балаларға қолдау көрсету және қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында түлектер өз еріктерімен әлеуметтік азық- түліктер мен қаржылай көмек көрсетті.
Қайырымдылық акциясы жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Осындай игі істер арқылы түлектер жүрек жылуын бөлісіп, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады.